27
декабрь
2018
ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңа жыл мерекесі аталып өтті
Мектебімізде желтоқсанның 26 күні 0-4 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне ДТІЖО мен аға тәлімгерлері Г.Қарабалаева мен П.Байбекова белсене қатысты.Мерекелік іс-шараны мектеп директоры С.М.Тулегенова ата-аналармен оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап кешті ашып берді. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністерді ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап театрдан кейіпкерлерді алдырып балаларға қуаныш сыйлады .Оқушылар келіп жеткен доңыз жылын қарсы алып,естелікке суретке түсіп жатты. Көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Мереке соңында қатысқан оқушыларға түрлі сыйлықтар тарту етілді.