«Өзін-өзі тану» » Сш им Кейкиева
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 35-24-09
Есепші бөлімі:
+7(7263) 35-24-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану»
07
сентябрь
2018

«Өзін-өзі тану»

2017-2018 оқу жылының 2-12 ақпан аралығында Б.Кейкиев атындағы орта мектебінде оқушылардың, пән мұғалімдерінің қатысуымен
«Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларға «Өзін-өзі тану» арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.
1 ақпан күні сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай сап түзеу өткізілді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е. Жүнісов он күндік жоспарымен таныстырды. Мектеп психологі Б.Жолдасбаева салтанатты жиында сөз сөйлеп, он күндікке белсене қатысып,атсалысуға шақырды.
Мектептің кітапханашысы А.Қоштаева Сара Алпысқызы Назарбаева туралы мағлұмат берді. Ашылу салтанатының соңында мектеп оқушылары «Көңілді күн» әнін орындады.
2 ақпан күні мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 4-9 сынып оқушылары қатысты. Бұл көрменің мақсаты оқушылардың анаға деген құрметін арттырып, өзін-өзі тану пәнінің шығу тарихы жайлы білімдерін кеңейту еді.
Кітапханашы А.Қоштаева көрме кітаптарының негізгі мазмұнына нақтырақ тоқталып, мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен таныстырды.
Сонымен қатар Бірінші ханымның бастамасымен еліміздегі жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.
«Өзін – өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізілуіне еңбегін сіңіргенің айтып өтті. 4 сынып оқушыларына Сара Алпысқызының «Өмір әдебі», «Ұстаздан ұлағат» кітаптарына шолу жасап, оқушылардың «Самопознание KZ» журналына жазған алғыс хат, арнау, өлендерін оқыды.
5 ақпан күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Әбдірәсілова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е. Жүнісов «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу әдеби шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: Оқушыларға әлемдегі ең асыл
жан –ананы сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сыйлауға
баулу.Анаға деген мейірім, сүйіспеншілікті арттыру. Байқауға 5-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Әмірбек Нұрай, Өмірбек Гүлнияз, Жамантай Аружан, Сатымхан Құралай сияқты оқушылар өздерінің шығармашыл екендіктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Осы күні технология пәнінің мұғалімі Г. Жаңабаеваның бастамасымен «Ана»,«Бейбітшілік», «Достық», « Мейірімділік» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетіп, қорғап, әділ-қазылар бағалап, жүлделі орындарға ие болды. Олар Елеубек Гүлнар,Елубай Ақжүніс, Әуезбек Құралай, Жақан Назгүл, Қойшыман Аяулым, Жамантай Айғаным, Амангелді Зарина, Совхозбек Жайна. Оқушылардың қолдан жасаған бұйымдары мектеп фойесіне көрмеге қойылды.
6 ақпан күні сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қ.Есалиев «Ана», «Бейбітшілік», «Достық», « Мейірімділік» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен салған суреттерді көрсетіп, қорғады
. Әділ-қазылар өз бағаларын берді. Жүлделі болғандар Беркінбай Ерқанат, Беркінбай Инабат, Құрманәлі Дархан. Оқушылардың салған суреттері мектеп фойесіне көрмеге қойылды
7 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Г.Дабысова « Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында патриоттық тәрбие сабағын өтті. Сабақ барысында Г.Дабысова Астана туралы мағлұмат берді, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстырды. Отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйретті. Ұлттық патриотизмнің рухын көтерді.
8 ақпан күні Мектебімізде әлеуметтік педагог Ш.Баймаханованың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға мектеп ұжымы белсене атсалысып, өз көмектерін ұсынды. Шаштаразшы Айтжанова Гүлсара оқушылардың шаштарын тегін қысқартып берді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е.Жүнісов, мектептің кіші қызметкері Г.Узенбаева 2 оқушыға оқу құралдарын алып берді. Мектеп ұжымы мен әкімшілігі 5 оқушыға киім кешек табыс етті.
9 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е. Жүнісов «Өнеге отбасынан» тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Ата-анасына, туыстарына деген сүйіспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне баулу. 6 сынып оқушылары,сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айта білді.
Осы күні музыка пәнінің мұғалімі Е.Ибрагимов «Ән көңілдің ажары» балалар ән сайысын ұйымдастырды.
12 ақпан. Онкүндікте жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді.
Мектеп директоры Ә.Елішбеков онкүндікті қортындылай келе, 2018 жылдың 2–12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты жыл сайын өтетін республикалық «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндіктің жақсы деңгейде өткенін айтты. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е.Жүнісовке және белсендік танытқан мектеп ұжымына алғысын айтты. Сөз соңында мектепте жетістікке жеткен оқушыларды грамоталармен марапаттады.
Онкүндікті өз сөзіммен қорытындылайтын болсам, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деуге әбден лайықты.Себебі,осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықтың дәнін себуге болады. «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыны адал болуға,айналаны жақсы көруге,өзіндік «менін» қалыптастыруға, өмірде өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерін анықтауға,өмірді сүюге, алға ұмтылуға,ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді, шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады.Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән.Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Онкүндіктің жабылу салтанатының соңында мектеп оқушылары «Туған жер» әнін орындап, бір –бірлеріне тілектер жазылған жүрекшелерді сыйлап, тарқады..



Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Ерғазы Ізетханұлы Жүнісов


«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив