Келісім шарт » Сш им Кейкиева
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 35-24-09
Есепші бөлімі:
+7(7263) 35-24-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Келісім шарт
20
сентябрь
2018

Келісім шарт

Бала тәрбиесінің жауапкершілігі туралы мектеп және ата- аналар арасында жүргізілетін
КЕЛІСІМ ШАРТ

2018-2019 оқу жылы Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ерназар ауылы
Төмендегі қол қойып шарт жасаушылар:
Бірінші жағы Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебінің әкімшілігі,
екінші жағы оқушының аты-жөні_______________________________________________
ата –анасы___________________________________________болып келісім шарт жасалды.

Келісім шартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелерін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі және «Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫН басшылыққа ала отырып жасақталған. 29.08.18ж №1 педагогикалық кеңесте қаралып ұсынылған.
1. Келісімшарт тараулары
1.1 Келісімшарт мекеме директоры мен оқушылардың ата-анасы арасында жасалды.
1.2 Келісімшарттағы шарттарды орындауға екі жақ міндетті.
2.Оқушыларды қабылдау
2.1 «Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебіне» оқушы ата-аналарының өтініші бойынша қабылданады.
(Аты-жөні,туған жылы, айы )
2.2 Сабақта болатын уақыты 08:00-ден 14:00 – ге дейін
13:30-ден 18:30- ға дейін
2.3 Демалыс күндері:сенбі, жексенбі
2.4 Жазғы демалыста, сырқаттанған жағдайда,емделу кезінде және карантин уақытында баланың мекемедегі орны сақталады.
3. Білім мекемесінің орындайтын шарттары
3.1 Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі ҚР – ның «Білім туралы заңы» бойынша мектеп бағдарламасына сәйкес балаға білім береді және тәрбиелейді
3.2 Мектепте жүрген оқушыларға жұмыс уақтысында қандай жағдай болса да жауап береді.
3.3 Ауырып тұрған баланы ата-анасына хабарлау.
3.4 Ата-аналар өз міндеттерін орындамаған жағдайда келісімшартты бұзуға құқылы. Бұл жөнінде ата-аналар алдын-ала ескертіледі.
3.5 Себепсіз қалған баланы анықтау.
3.6 Жанұядағы бала тәрбиесіне мән беруге.
4. Оқушылардың мектептегі міндеттері:
4.1 Мектеп формасын кию барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады. Мектеп формасының болмауы ішкі тәртіп Ережесін өрескел бұзған болып табылады.
Оқушылар мектепке мектеп формасымен келеді:
Ата-аналар және өзге де заңды өкілдері міндетті:
 білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға (49-баптың 3-тармағы);
 білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға (49-баптың 6-тармағы);
 білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға (49-баптың 7-тармағы).
Қыздарға:
 Бірыңғай мектеп формасы
Ұлдарға:
 қара, көк түсті костюм (пиджак, шалбар).
 ақ, түсті жейде.
Дене шынықтыру, АӘД сабақтарын оқушылар арнайы форма, киім мен аяқ киім киіп оқиды.
4.2 Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, басқармашылық органдарының шешімі мен мектеп директорының бұйрығын сақтауға;
4.3 Басқа оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің намысы мен абыройын, құқықтарын сыйлауға, кішіге көмек көрсетуге;
4.4 Тәртіпті болуға, мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті сақтауға, мектеп формасының талаптарын ұстануға;
4.5 Оқуға саналы түрде қарауға, сабақтар мен басқа да жұмыстарға уақытында келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабақты босатқан жағдайда мекемеден ресми құжаттар әкелуге;
4.6 Мектеп мүлкін сақтауға, басқа адамдардың еңбегінің нәтижесіне, отырғызылған көкке ұқыптылықпен қарауға;
4.7 Мектептен тыс уақытта, демалыс кезінде, мереке күндерінде, түнгі мезгілде баланың өмір қауіпсіздігін, сақтауда жауапкершілікті ата – аналар толық мойнына алады.
5. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:

5.1 Бас киім киіп жүруге (хиджабтар, орамалдар, тақиялар);
5.2 Киімге металдан жасалған әшекейлер, бижутериялар тағуға;
5.3 Қаруды, оқ-дәріні, газ баллонды, пиротехникалық құралдарды, спирттік сусындарды, темекі, уытты және есірткі заттарын әкелуге, қолдануға, беруге, мектеп мекемесінде және оның аумағында темекі шегуге;
5.4 Кез-келген жарылыс пен өртке әкеп соғатын заттар мен құралдарды қолдануға;
5.5 Мектеп Жарғысын, мектепте қоғамдық тәртіпті бұзуға;
5.6 Оқу барысында мектеп мекемесінде (спиннерді) мобильді сенсорлық ұялы байланыс құралдарын қолдануға оқушының өзіне және айналасындағыларға қауіп тудыратын кез-келген бөгде қылықтар көрсетуге;
5.7 Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің және Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі, облыстық білім басқармасының 05.09.2016 жылғы № 05/1248 және 14.09.2016 № 05/1290 хаттарын назарға ала отырып, оқушылардың мектепке сенсорлық ұялы телефон, бағалы заттар, басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға, сондай - ақ мектепте денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын, пиротехника, жарылғыш, атылатын қарулар алып келуіне қатаң шектеу қойылады.

 Осы ережені бұзғаны үшін оқушыларға тәртіптік жазаның түрлі шаралары қолданылады:
 Баласының тәртібі жайында ата-аналарын хабардар ету;
 Айналасындағыларға зиянын тигізетін тәртібін жою туралы шешім шығару үшін ата-анасын мектепке шақыру;
 Ескерту жариялау, сондай-ақ оны оқушының жеке ісіне енгізу;
 Ата-анасының есебінен материалды шығынды өтеу;
 Оқушы мен ата-анасын педкеңеске, әкімшілік кеңеске шақыру, мектептен шығару. Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда оқушы мен оның ата-анасы әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Келісім шартты бұзған жағдайда:
5.8 Күн аралығында сабақтан кеткен жағдайда, сабақтан өз бетінше кету сабақтан жалтару болып есептеледі, бұл ІІБ КТБ-не мектеп әкімшілігі берген өтініші негізінде оқушы және ата-ананы әкімшілік жазалауға тартады.
5.9 Кездейсоқ немесе әдейі әйнекті қиратқан, орындық, үстелді сындырған, басқа әрекет жасаған оқушы затты жөндеуге немесе залалды материалдық өтеуге міндетті: залал туралы акт негізінде мектеп мүлігін бүлдіргені үшін материалдық залалды өтеу туралы әкімшілік комиссиясына арыз беріледі. Материалдық жауапкершілікті ата-ана тартады.
5.10 Бүлдірген және жоғалған оқулықтар үшін ата-ана материалдық жауапты болады.
5.11 Мектеп және оның аумағында шылым тарту, спирт ішімдіктерін ішу ішкі тәртіп Ережесі, санитарлық - гигиеналық нормасы, өртке қарсы қауіпсіздігін өрескел бұзушылық болып табылады, бұл жасөспірім және оның ата-анасын әкімшілік жазалауға тартады. Ішкі тәртіп Ережесін бұзу туралы акт негізінде мектеп әкімшілігінің өтініші ІІБ КТБ-не беріледі.
5.12 Шылым тартқаны, спирт ішімдіктерін ішкені және есірткі заттарды қолданғаны үшін оқушылар мектеп наркологиялық орны немесе нарколог дәрігерге есепке қойылады.
5.13 Оқушылардың келіссіз сөгіс және әдепсіз сөздерді қолданғаны ішкі тәртіп Ережесін өрескел бұзған болып табылады, бұл ІІБ КТБ-не мектеп әкімшілігінің өтініш беру негізінде ата-ананы әкімшілік жазалауға тартады.
5.14 Мектеп аумағында, сонымен қатар мектептен тыс жерде төбелесу, төбелеске азғыру ішкі тәртіп Ережесін өрескел бұзған болып табылады.
Төбелеске қатысу және төбелеске азғыру зардап тартушының берген арызы немесе ІІБ КТБ-не мектеп әкімшілігінің өтініш беру негізінде жасөспірім және ата-ананы қылмыстық, сонымен қатар әкімшілік жазалауға тартады.
5.15 Мектеп аумағында, сонымен қатар оның шегінен тыс қорқытып алу және жеке тұлғаны кемсіту ішкі тәртіп Ережесін өрескел бұзған болып табылады және зардап тартушының берген арызы немесе ІІБ КТБ-не мектеп әкімшілігінің өтініш беру негізінде қылмыстық және әкімшілік жазалауға тартады.
7. Мектепте болу регламенті.
7.1 Бірінші сабақ алдында мектепте оқушыларды кезекші әкімшілік және сынып жетекші қарсы алады.
7.2 Оқушылар сабақ, қосымша, факультатив сабағы немесе үйірме сабағы, репитиция немесе іс-шаралар басталуға дейін 15 минут бұрын мектепке келеді.
7.3 Сабақ аяқталған соң, оқушылар кезекшілік, қосымша сабақ, факультатив, үйірме, репитиция немесе іс-шаралар үшін мектепте қалуы мүмкін.
7.4 Әкімшілік рұқсатынсыз бөтен тұлғалар мектепке жіберілмейді.
Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі КММ оқушыларының құқығы мен міндеттері кодексіне сәйкес құрастырылған ішкі тәртіп жарғысын мектептің әр оқушысы орындауы міндетті

8. Қорытынды
8.1 Келісімшартты ата-аналар себепсіз бұзу жағдайында мектеп әкімшілігіне алдын-ала ескертулері керек.
8.2 Келісім шарт 2 данада жасалған: ата-анаға және мектеп әкімшілігінде
8.3 Келісімшарт қол қойылған уақыттан бастап жүзеге асады. Өзгерту немесе толықтырылу енгізілген жағдайда ғана қайта жасалады.
8.4 Екі жақ қол қойып, мемлекеттік мекеменің мөрі қойылған кезден бастап келісімшарт күшіне енеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив