15
февраль
2021
"Менің мектебім-менің мақтанышым"!!!
Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Толқында біз жүреміз
Желбіреген ақ желкені,
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.
"Менің мектебім-менің мақтанышым"
Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы, білім ордасы Білім алып өздерінің жарқын болашағын қалаушы. Әр адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп қазақ халқы айтқандай, мектеп –ғылым мен білімге, өрлеуге апаратын даңғыл жол.
Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды мектебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылау — мектеп басшысының үлкен абыройлы жұмысы. Білім ордамыз мен басшылық еткен 2018-2019 оқу жылынан бастап аз уақыт ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде, жоғарғы көрсеткіштерге ие болғаны үшін марапатталды. Менің мектебім-менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Әр оқу жылы, әр оқушыға өз жаңалығын әкеледі. Мектебімнің дәлізінен өтсеңіз көздің жауын алатын, кеудеңді нұрға бөлейтін ақпарттар, оқу, білім туралы, оқушылар туралы баннерлерден сусындайсың. Осынша республика көлемінде атағы шығып, еліміздің көмегіне аз үлесін қосатын азамат пен азаматшалардың ой -санасына отансүйгіштік сезімді, білім нәрін сеуіп жаткан өнегелі орданы басқарып, алға жетелеп отырған менің мектебім - білімділер мектебі. Сабақ үстінде өтілген тақырыптар бойынша, таласа жүріп, тырмыса жүріп қосымша материалдар іздеп, ғылыми жобалар жазуға бейімделіп келеміз.
Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы. Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма, дегендей бір кемшілігіміз жас мамандарымыздың алғашқыда баяу болып келуі еді. «Көтермелеудi жиi пайдаланыңыз. Адамдағы түзегiңiз келетiн кемшiлiк оңай жөнделетiн сияқты көрiнсiн, ал оны үйiрiп әкететiн iсiңiз жеңiл орындалсын» деген қағиданы ұстана отырып, бұл мәселе де өз орнын табуда.
Мектебім - менің мақтанышым, киелі алтын ордам. Арманым көп, алдыма қойған мақсатымда көп. Сол арманға, мақсатыма жететініме сенімдімін. Мен қазір мектебімнің жетістігіне мақтанамын. Ал келешекте, мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріме мақтанса деген ойдамын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім!