Қамқоршылық кеңес мүшелері алдында мектеп директорының есебі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады” – деп атап көрсеткен. “Мектеп – зияткерлік шеберханасы” дейтін болсақ, еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар білім орджаларында, мектептерде өз көрінісін тауып келеді. Тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгінгіден де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де білікті ұрпақ қолында. Осы талап үдесінен шығып, адам бойындағы ізгілік атаулыны қалыптастыратын ұлтты тәрбиелеудің кепілі – мектеп. Осындай білім ошықтарының бірі – Ерназар ауылында орналасқан Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі.
Жамбыл ауданының Ерназар ауылында орналасқан Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі - бүгінгі заманның талабына сай қызмет жасап келе жатқан білім шаңырағы. Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі 1931 жылы Бастауыш мектеп болып ашылды. 1953 жылға дейін төрт жылдық болды, осы жылы жеті жылдық мектеп болып құрылды.
1967 жылы орта мектеп болып ауыстырылды, 1992 жылы 12 мамырда №104 Жамбыл ауданы әкімінің шешіміне сәйкес “Қызыл Октябрь” орта мектебі Социалистік Еңбек Ері Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі болып аталды. 1989 жылы жаңа ғимаратқа көшірілді. 1991 жылдан бері мектеп 11 жылдық, яғни жалпы орта білім беретін білім беру ұйымы болып жұмыс атқарып келеді. Білім ошағының алдына қойған басым бағыттары - өмірге бейімді, ұлтжанды танымдық белсенділігі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты ұжым өзара ынтымақтаса отырып, бүгінгі күні нәтижелі жұмыс істеу бағытында еңбек етуде.
Мектептің тақырыбы:
“Оқу – тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы бәсекеге қабілетті жан – жақты дамыған, құзырлы жеке тұлғаны қалыптастыру”
Мақсаты:
Сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
МІНДЕТТЕРІ:
Білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелерге бейімделу;
Оқу-тәрбие үрдісін дамытуға кедергі жасайтын педагогикалық мәселелерді анықтау;
Осы мәселерді шешу жолдарын табу және педагогикалық ұжымның күш жігерін шоғырландыру;
Педагогтардың үздіксіз кәсіби өсуін, біліктілігін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мектеп қызметінің мазмұны мен құрылымының басым бағыттарын анықтау;
Жаңашыл үрдістерді, инновациялық оқыту технологияларын оқыту үрдісіне енгізу, зерделеу, үйлестіру.
«Үлкен жетістікке жетуің үшін білімді болуыңмен қатар, білімі мықты командаңболу керек !»деген екен. Нәтижеге бағытталған мектеп жұмысын басқаруда мектеп әкімшілігі бір қолдан жең, бір қолдан бас шығарып ынтымақтасқан түрде жұмысты үйлестіріп келеді. Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын дамытуда дұрыс болжам жасап, ұжымды ортақ мүддеге тоғыстыра білсе жетістікке жетері сөзсіз. Осы ретте мектеп әкімшілігінің бастамасын құптап, оған қолдау білдіріп отырған ұжымның құлшыныстары жоғары әрі нәтижелі болып келеді.
Мектептің сыйымдылығы 624 орынға арналған.
2018-2019 оқу жылын мектеп 312 оқушымен бастап отыр.
Сонымен қатар, мектеп алды даярлық тобында 30 бала тәрбиеленуде. Мектепте барлығы 47 педагог қызметкер жұмыс істейді.
Оның ішінде 45 педагог қызметкер жоғары білімді, 2- мұғалім арнаулы орта білімді. Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын сөз етер болсақ, сапалық құрамы – 80 пайызды құрайды. Яғни, 47 педагог қызметкердің 6-уы жоғары санатты, 14 мұғалім бірінші санатты, екінші санатты 14 мұғалім болса,
3 педагог-модератор, санаты жоқ-10 мұғалім қызмет етуде.
Мектепте 25 оқу кабинеті, 2 шеберхана, асхана, спорт залы, медбике кабинеті, рухани жаңғыру, кәсіби бағдар кабинеттері бар.
Мектеп жылыту маусымында көмірмен жылытылады.
«Еңбек сәті- бірлікпен» демекші, бүгінгі күні мектеп ұжымы жұмыла жұмыс атқара отырып, көптеген нәтижеге жетіп отыр. Ұстаздарымыз
өздерінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезінеді және өздерінің басты міндеті - оқу-тәрбие процесінде қазіргі талапқа сай жоғары нәтижеге жету жолында ізденіспен еңбек етуде.