"Эко- Асар" марафоны
2020 жылдың 12-14 қазан аралығында «Эко-Асар» эко-марафонын тәлімгер Ж.Сейдалиева ұйымдастырды. Эко-Асарға «ЖасҰлан» ұйымы мен «Еріктілер» клуб мүшелері қатысты. Жас достар қоршаған ортаны қорғау және сақтау туралы,қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жайында көптеген пайдалы ақпарат алып, мектептің айналасын қоқықстардан тазартты. Ең бастысы « ЖасҰланның белсенділері мен «Еріктілер» күндерін қызықты әрі халыққа пайдалы етіп өткізді.