
1 қыркүйек - Білім күніне орай Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебінде "Мектебім-мейірім мекенім"тақырыбында салтанатты жиын болып өтті.Салтанатты жиынға мектеп директоры С.М.Тулегенова ,ауыл әкімі Ержан Жолбай,"Аса су" мекемесінің директоры Оразов Болысбек Аштаевич және педагогикалық ғылыми доктор, профессор Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Спартак Смаилұлының ұлы Қайрат Спартакұлы,ардагер ұстаздар мен ата-аналар қонақ ретінде қатысты.
Оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,1 сынып оқушыларына сәттілік тілеп,жылы лебіздерін білдірді.Іс-шара барысында ән айтып,би биледі.
Демеуші ретінде Қайрат Спартакұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектепке түрлі-түсті принтер сыйға тартты. Салтанатты жиын аяқталысымен мектеп оқушылары өз сыныптарына кіріп, сынып сағаттары жалғасын тапты.