02
ноябрь
2020
Біздің түлектер- біздің мақтанышымыз!
Балабекұлы Досжан
Балабекұлы Досжан 1993 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Байгелді Кейкиев атындағы орта мектепті бітірді. 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің «Баспа ісі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін, 2017 жылы журналистика факультетінің «6M050400-Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі атанды. 30-ға жуық ғылыми мақаланың авторы. 2016 жылы Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Журналистика факультетінде, 2018 жылы Түркиядағы Ыстамбұл университетінің Әл-Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Әдебиет факультеті, Философия кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қазақ университеті» газетінде беттеуші-дизайнер, жураналист қызметтерінен бастады. 2015 - 2018 жылдар аралығында Республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің веб-сайт журналисті болып жұмыс істеді. Қазақ фотоөнерінде де өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жүр. Елімізге белгілі «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігіне 2014 жылдан бастап мүше. Әлемге танымал «National geographic» журналының Отандық редакциясының штаттан қызметкері. БҰҰ Даму қорының «Шөл тынысы» байқауының жеңімпазы (2016 ж.); Visitalmaty байқауының фотоконкурс жеңімпазы (2017 ж.). Әуесқой альпенист. Ол Алматыдағы ең биік шыңдарға шыққан. Соған орай, Алматыдағы бұқаралық шыңға шығу альпениадасында «Нұрсұлтан» шыңы әуесқой альпенисті (2016 ж.); «Жастар» шыңы альпениадасының әуесқой альпенист төсбелгі иегері (2017 ж.) атанды. Ол сондай-ақ, Қ.Сәтпаев, Турист, Үлкен Алматы, Құмбел, Тау қырандары, Титов шыңдарының ұшар басына шыққан. 2014 жылы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай, университеттік «Сұңқар»студенттер мен магистранттар кәсіподағының қолдауымен «Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары» атты фотоальбомын шығарды. 2018 жылдың қыркүйек айынан университеттік «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторының міндетін атқарушы, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, сонымен қатар, «Қазақ газеттері» ЖШС-де веб-сайт редакторы қызметтерінде.
Аудан: Жамбыл
Мектеп: Б.Кейкиев атындағы о/м
Мектепті бітірген жылы: 2011Балабекұлы Досжан 1993 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Байгелді Кейкиев атындағы орта мектепті бітірді. 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің «Баспа ісі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін, 2017 жылы журналистика факультетінің «6M050400-Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі атанды. 30-ға жуық ғылыми мақаланың авторы. 2016 жылы Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Журналистика факультетінде, 2018 жылы Түркиядағы Ыстамбұл университетінің Әл-Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Әдебиет факультеті, Философия кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қазақ университеті» газетінде беттеуші-дизайнер, жураналист қызметтерінен бастады. 2015 - 2018 жылдар аралығында Республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің веб-сайт журналисті болып жұмыс істеді. Қазақ фотоөнерінде де өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жүр. Елімізге белгілі «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігіне 2014 жылдан бастап мүше. Әлемге танымал «National geographic» журналының Отандық редакциясының штаттан қызметкері. БҰҰ Даму қорының «Шөл тынысы» байқауының жеңімпазы (2016 ж.); Visitalmaty байқауының фотоконкурс жеңімпазы (2017 ж.). Әуесқой альпенист. Ол Алматыдағы ең биік шыңдарға шыққан. Соған орай, Алматыдағы бұқаралық шыңға шығу альпениадасында «Нұрсұлтан» шыңы әуесқой альпенисті (2016 ж.); «Жастар» шыңы альпениадасының әуесқой альпенист төсбелгі иегері (2017 ж.) атанды. Ол сондай-ақ, Қ.Сәтпаев, Турист, Үлкен Алматы, Құмбел, Тау қырандары, Титов шыңдарының ұшар басына шыққан. 2014 жылы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай, университеттік «Сұңқар»студенттер мен магистранттар кәсіподағының қолдауымен «Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары» атты фотоальбомын шығарды. 2018 жылдың қыркүйек айынан университеттік «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторының міндетін атқарушы, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, сонымен қатар, «Қазақ газеттері» ЖШС-де веб-сайт редакторы қызметтерінде.
