12
октябрь
2020
"Экология және тұрақты даму" атты оқушыларға арналған семинар өтті.
Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің 8 сынып білім алушыларына Г.Абдрасилова «Экология және тұрақты даму» атты оқушыларға арналған семинар өтті. Тренингте білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау мен өзекті мәселелері туралы анықтап айтылды. Экологияның тазалығы тек алпауыт кәсіпорындардың жұмысына ғана байланысты емес. Демек қоршаған ортаны ластанудан қорғауға әрқайыссымыз аянбай атсалысуымыз тиіс.Осы мақсатта оқушыларға экологиялық тәрбиенің бүгінгі қоғамдағы мәні маңызы түсіндірілді.Өскелең өрендердің назарына табиғатқа жанашырлық таныту мен ішкі мәдениетті қалыптастыруға қатысты бейнероликтер ұсынылды. Олар үшін Г.Абдрасилова командалық қызықты ойындар өткізді.
