Демеуші түлек
Байгелді Байжан Исембекұлы
Аудан: Жамбыл
Мектеп: Б.Кейкиеватындағы о/м
Мектепті бітірген жылы: 1989
Байгелді Байжан Исембекұлы 1974 жылы 26 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995-1996 жылдары Жамбыл қаласы Орталық аудандық прокуратурасының тергеуш ілауазымына тағылымдамадан өтті. 1996-1997 жылдары Жамбыл қаласы Орталық аудан бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті тергеу бөлімшесінің тергеушісі. 1997-1999 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі. 1999-2001 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы прокурорының орынбасары. 2001-2003 жылдары Тараз қаласы прокуротурасының аға прокуроры, Жамбыл облысы прокуротурасының ІІМ органдарында тергеу және анықтауда заңдылықтарда қадағалау бөлімінің аға прокуроры. 2003-2004 жылдары Жамбыл облысы прокуротурасы ҰҚК, Қаржы полициясы және Кедендік органдарда заңдылықты қадағалау бойынша бөлімбастығы. 2004-2005 жылдары Жедел-тергеу және тергеу, анықтау қызметтерінде заңдылықты қадағалау бойынша Тараз қаласы прокурорының көмекшісі. 2005-2012 жылдары Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасының бастығы. 2012 жылдан бастап Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары. Мектепте Шахмат кабинетін балалар үшін ашып берді.
